Мен Сiзбен өзiмнiң жеке блогымда кездескенiме қуаныштымын. Мен өз блогымның оқырмандармен керi байланыс орнағанын қалаймын. Мүмкiндiктерiңiз болса, маған өз пiкiрлерiңiздi жазыңыздар, ойларыңызбен бөлiсiңiздер, ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Сiздердiң жазған әрбiр ой-пiкiрлерiңiздi мiндеттi түрде оқитын боламын.

06/12/17 6 желтоқсан

Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушылары, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуына, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, Сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар.

Ел ішінде тыныштықтың, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбектеріңіз әр уақытта қоғам тарапынан жоғары бағаға ие болуда.

Құрметті прокуратура қызметкерлері!

Қиын да жауапты қызметтеріңіз үшін аудан тұрғындары атынан алғыс білдіре отырып, шынайы ықыласпен зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, егеменді еліміздің гүлденуі жолындағы қызметтеріңіздің жемісті болуын тілейміз!

25 қарау пікір: 0

19/10/17 19 қазан

Құрметті төтенше жағдай саласының қызметкерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздердің күштеріңізбен төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оны жою жөнінде айтарлықтай тиімді отандық жүйе құрылды. Құтқарушы жəне өрт сөндіруші бөлімшелерді техникалық жарақтандыру нығайды, адамдарды қорғау жəне құтқару ісінде үлкен тəжірибе жинақталды. Табиғи және техногендік сипаттағы қатерлерге төтеп бере алатын жоғары білікті және ержүрек мамандар бүгінде азаматтық қорғау қызметін қалыптастыруға жəне дамытуға бағаланбас үлес қосуда.

Қадірменді төтенше жағдай саласының қызметкерлері!

Сіздердің бойларыңыздағы жанашырлық пен  мейірім қасиеттері ешқашан сарқылмасын! Сіздерге зор денсаулық, қызметтікміндеттеріңізді орындаудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

3 қарау пікір: 0

18/10/17 18 қазан

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бұл мерекеніжақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні ретінде жыл сайын атап өтеді. Елбасы саясатына сәйкес конфессиялар береке-бірлікте өмір сүріп, өзге діндерге деген құрметі Қазақстандағы тұрақтылықтың басты шартына айналған.Сенім, төзімділік, сыйластық, өзара қызығушылық сияқты қасиеттердің барлығы да, келісім мәдениетімен қатар өмір сүретін – алғашқы құндылықтар.
Біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім, – бұл қазақстандықтардың өміріндегі айшықты ақиқат пен айқын көріністер. Осы уақытқа дейін Қазақстан мемлекеті дүниежүзіне бостандығын, теңдігін, ынтымақтастығын көрсетуде.
Бүгінгі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз. Игі істер, жақындарымызға қамқорлық, өзара сыйластық әрқашанда көбейе берсін!
Рухани келісім күні бірлік пен мейірімділік, игілік пен өркендеу күндеріне айналсын!

3 қарау пікір: 0

22/09/17

Құрметтіаудан тұрғындары!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы.

Тілдерге деген құрмет, ана тілінде білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ұлттық мәдениеттерді дамыту-Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі.Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің Тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.

Қазақстанды достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің шежірелі тарихымыз, мәдени мұрамыз, қазығы берік мемлекеттік тіліміз.

Құрметті жерлестер!

Айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт береке тілейміз. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары анық. Сондықтан береке, бірлік, ынтымағымыз жарассын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

37 қарау пікір: 0

01/09/17

Құрметтіаудантұрғындары!

         Сіздерді барша мұсылман қауымының қасиеттi мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбанайт – достық пен татулықтың, адамгершілік пен құндылықтың алтын діңгегіретіндеконфессияаралық  келісімгешақыратынмереке. Бұл – елдіңбереке-бірлігінбекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықтыарттыратынмейрам.

Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын сақтап ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.

Қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, туған жеріміздегі бейбітшілік пен игілік бұл біздің басты құндылығымыз. Қайырымдылық пен ізгілікке, кішіпейілдік пен тату-тәтті өмір сүруге үндейтін бұл мереке әр адамда адамгершілік асыл қасиеттерді дамыта түседі.

Халық дәстүрімен үйлестігін тапқан ұлағатты дініміз тәуелсіздікпен бірге түлеп, қанатын кең жайып келеді. Еліміз барлық мұсылмандар елдерімен достық қарым-қатынаста болып, ислам бірлестігінде ерекше орын алып отыр.

Кадірлі жерлестер!

Құрбан шалып, ниет еткен тілектеріңіз қабыл болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болып, келер жылдардың айт мерекесіне аман-есен жетіңіздер!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

 

6 қарау пікір: 0

1 қыркүйек

Құрметті ұстаздар!

Қадірлі оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерді білім мен ізгіліктің мерекесі болып табылатын 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күні – Сіздер үшін тағы да бір білім еліне үлкен саяхат басталады. Сол саяхаттарыңыздың мәнді де мәнерлі, сапалы да сәтті, нәтижелі болуына тілектеспіз.

Сіздердің жақсы білім алуға деген ұмтылыстарыңыз, мектеп қабырғасында қол жеткізген табыстарыңыз егеменді еліміздің көркейіп, дамуына қосқан өзіндік үлестеріңіз болады.Сондықтан да ой-саналарыңыз шыңдалып, білімдеріңіз толығып, жетістіктеріңіз молая берсін!

Барлықтарыңызға зор денсаулық, жаңа оқу жылында еңбек пен табыс және сәттіліктер тілейміз!

22 қарау пікір: 0

31/08/17

Құрметті  аудан тұрғындары !

  Сіздерді ел тарихындағы елеулі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасы ұсынып, халық қолдаған Ата Заңымыз Қазақстанға дамудың сара жолын айқындап, еліміздің әр саладағы жетістіктерінің, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің күре тамырына айналды.

Конституция-әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандығының кепілі. Ата Заңымызда бекітілген нормалардың арқасында азаматтық қоғамды дамытуға, демократиялық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік алдық.

Қадірменді жерлестер!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, туған жерімізге бейбітшілік пен гүлдену тілейміз.

7 қарау пікір: 0

18/08/17 18 тамыз

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спортсүйер қауым!

Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке жас пен мамандығына қарамастан, спортты және салауатты өмір салтын жақтайтын барлық жандарды біріктіреді. Спортпен және дене тәрбиесімен шұғылдану адамның тәнін ғана емес, рухын да шынықтырады, ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық секілді қасиеттерді қалыптастырып, қауымдастық және жолдастық сезімін туындатады.

Ең биік жетістіктер мектеп және балалар спорт алаңдарындағы спорттық жаттығулардан бастау алады. Сол себепті, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорттық шараларға жас ұрпақты тарту – бүгінгікүннің басты міндеттерінің бірі. Осы мереке күндері спорттық жарыстарда ауданымыздың жоғары жетістіктерге жетуге зор үлес қосқан бапкер-жаттықтырушыларға биік тұғырдан көрінуіне тілектеспіз.

Құрметті денешынықтыру және спортсаласының қызметкерлері!

Сіздерге таусылмас күш-жігер, мықты денсаулық, спорттық ұзақ ғұмыр мен спорт алаңдарында және жарыстарда табыстар тілейміз!

13 қарау пікір: 0

18 тамыз

Құрметті шекарашылар!

 

Сіздерді 18 тамыз – Шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасының Жарлығымен 1992 жылдан бері аталып келе жатқан әскерилер мерекесіне биыл – 25 жыл. Елiмiздiң тыныштығын күзетiп, кең байтақ жерiмiздiң сақтығын қадағалауда шекарашыларға жүктелген мiндет зор.  Ел тәуелсіздігінің тұрақты сақталуында шекара қызметінің рөлі маңызды.
Тәуелсіздігіміздің тарихында Қазақстан әскері қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті.

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса­тының арқасында Қазақстан бей­біт­шілік пен келісімнің, бірлік пен тұрақ­тылықтың бесігіне айналды.

 

Құрметті шекара сарбаздары!

Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, бейбіт елімізде мәңгілік тыныштық болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

6 қарау пікір: 0

13/07/17 13 шілде

Құрметті Ұлттық Қауіпсіздік органдары қызметкерлері !

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2050 жылғы дейінгі негізгі  мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала беретіндігін атап көрсетті.

Ел тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін, саяси тұрақтылығын қадағалау үшін құрылған Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті – өзіндік жауынгерлік дәстүрі қалыптасқан, еліміздің саяси, экономикалық ахуалын қадағалайтын, жалпы, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты қолдауы арқасында Ұлттық Қауіпсіздік қызметі  заманауи деңгейге көтерілген кәсіби арнайы қызметке айналып, әлемдік және өңірлік арнайы қызметтердің тең құқылы серіктесі болуда.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын сақтауда, халқымыздың тыныс-тіршілігін қорғаған маңызды да жауапты қызметтеріңізге табыс тілеп, қашанда мәртебелеріңіздің биік, жақсылыққа толы күндеріңіздің мол болуына тілектеспіз.

917 қарау пікір: 1
Page 1 of 712345...Last »